Футбол матчы кезінде анасына қорлау сөз айтылған төреші жылап қалды

29 Желтоқсан 2015, 21:27
0
Футбол матчы кезінде анасына қорлау сөз айтылған төреші жылап қалды - Видео кадры
Видео кадры

Тунис чемпионатының төрешісі Яссин Харуш "Бизерте" және "Марса" (1:0) футбол матчы кезінде алаңда жанкүйерлердің сөзінен жылап қалған, - деп хабарлайды Eurosport.

Харуш "Бизерте" жанкүйерлерінің оның анасына қарата айтқан ауыр сөздерінен кейін көзінен аққан жасын ірки алмай, ойынды тоқтатып тастаған. Екі команданың ойыншылары да төрешіге қолдау білдіріп, матчты жалғастыруын сұрайды. 

Алайда ол алаңнан шығып кетеді. "Мұндай қорлау сөздерін естіп, жыламау мүмкін емес. Кім болса да анасын қорлағанды жақсы көрмейді. Құдай анамның әруағын пейіштен етсін", - деп келтіреді басылым Харуштың сөзін.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай