03 қаңтар 2017 10:15

Ғалым Мәскеудің қазақ жігітінің есімімен аталғанын мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлы Мәскеуді қазақ жігітінің билегенін, сондықтан да Мәскеу атауының қазақтың есімінің құрметіне қойылғанын мәлімдеді, - деп жазады Qazaquni.kz.


Белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлы Мәскеуді қазақ жігітінің билегенін, сондықтан да Мәскеу атауының қазақтың есімінің құрметіне қойылғанын мәлімдеді, - деп жазады Qazaquni.kz.

Сондай-ақ, профессор ұлттық тарихқа байланысты әлі күнге зерттеу қажет дүниелердің көптігін айтып өтті. 

"Сізге бір ғана мысал айтайын.  Болгар тарихшысы Киевский русьті басқарып тұрған Сұңқар деген қазақ болыпты деген мәліметті тапқан. Оған Соколов, Станислав деген ат қойған. Ол сол елде тұрып, орыс қызына үйленген. Ресейдің  мемлекеттік  жүйесін  құрып, жасаған осы қазақ болған.  Кейін осыны жасырып қалу үшін Киевтің  ұлы князі Владимир Мономах  жазбалардың бәрін өшіріп, көзін жойып, орнына жалған құжат жасаған екен.  Біз осыған 1860 жылдан бері сеніп келдік. Сөйтсек бұл өтірік екен. Бұны Болгар тарихшылары айтып берді. Мәскеуде 1088 жылы Асат Мосқау деген жігіт билеген. Мәскеудің халқы оны жақсы көргеннен оның атын Мәскеу дегенге айналдырып жіберген екен. Сонда орыстың астанасының аты Мәскеу қазақтың есімінің құрметіне қойылған және орыстың мемлекеттік жүйесін  Сұңқар деген қазақ құрған", - деді ғалым.

Ал журналистің "Сіз айтқан деректі ғалымдар біле ма?" деген сұрағына ғалым "Әрине, біледі деп ойлаймын. Көп уақыт өтпей-ақ бұл шындық та айтылатын болады" деп жауап берді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети