23 қыркүйек 2020 12:03

Головкин Данэлия Төлешованы қолдауға шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин America's Got Talent шоуында өнер көрсетіп жатқан Данэлия Төлешоваға қолдау білдірді , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин America's Got Talent шоуында өнер көрсетіп жатқан Данэлия Төлешоваға қолдау білдірді , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы боксшы Twitter желісіндегі парақшасында жазды.

"Данэлия Төлешова қандай талантты! Біз сені мақтан тұтамыз! Дауыс беріп қолдайық!", - деп жазды Головкин.

Еске салайық, бүгін қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова America's Got Talent шоуының финалында өнер көрсетті. Қазақстандық әншінің өнері конкурстың You Tube каналында және Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды. Финалға 10 әртіс қатысты, оның алтауы - түрлі жастағы әншілер. Енді финалға шыққандарға тәулік бойы дауыс береді және нәтижесі ертең жарияланады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети