03 ақпан 2015 16:16

Хайуанаттар бағында пандалар жаппай төбелесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©4tololo.ru ©4tololo.ru

Хайуанаттар бағында пандалардың жаппай төбелесі болды, - деп хабарлайды TengrinewsTV.


Хайуанаттар бағында пандалардың жаппай төбелесі болды, - деп хабарлайды TengrinewsTV.

Пандалардың төбелесі жазылған роликті YouTube желісіне "iPandaChannel" атты қолданушы қаңтар айының соңында жариялаған, содан бері бұл видеоны 260 мыңға жуық адам тамашалады. Көріністі хайуанаттар бағына келушілердің бірі түсіріп алыпты. 

Кадрдан алдымен төрт панданың төбелесіп жатқанын көруге болады, кейін олардың қатарына тағы біреуі қосылды. Бамбук аюлары төңкеріліп құлап, бір-бірін тістей бастайды. Бірі екіншісінің табанынан шап беріп ұстап, енді бірі оппонентін ағаш басынан сүйреп құлатпақ болады. 

Айта кетейік, бұл видеороликке қатысты пікір қалдырушылар өте көп, олар пандалардың төбелесінің өзі сүйкімді екенін жазған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети