27 желтоқсан 2014 11:16

Интернетте Елбасы мен оның әріптестерінің кешкі ас мәзірі пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©facebook.com/syrym.abdrakhmanov ©facebook.com/syrym.abdrakhmanov

Мемлекет басшыларының қандай тағам жейтінін білу халыққа әрдайым қызықты. Көпшілік оларға адам түсінбейтін әрі өте қымбат тағамдар әзірленеді деп ойлайды. Бәлкім солай да шығар, тек біздің Президентімізге емес.


Мемлекет басшыларының қандай тағам жейтінін білу халыққа әрдайым қызықты. Көпшілік оларға адам түсінбейтін әрі өте қымбат тағамдар әзірленеді деп ойлайды. Бәлкім солай да шығар, тек біздің Президентімізге емес.

Жақында блогер Сырым Әбдірахманов Facebook-тегі парақшасына Елбасының хаттамалық ас мәзірін жариялады. "Ол ас мәзірі Елбасымыздың әріптестерімен - әлем елдері президенттерімен ішетін кешкі астың мәзірі. Желілерді ақтарып іздеуге тырыспаңыздар, одан пайда жоқ, бұл эксклюзив", - деп жазды ол жарияланған суретке түсінік беріп. Блогердің айтуынша, әрбір ас мәзірі мемлекет басшыларының ерекше диеталарына қарай жасалып, олардың хаттамаларымен бекітіледі. 

Мәзірге қарағанда, Нұрсұлтан Назарбаев қонақтарын биік талғаммен, бірақ қанағаттылықпен қонақ етеді. Жария болған ас мәзіріне қарағанда, жазылған тағамның барлығын жақсы мейрамханалардың көпшілігінен табуға болады. Алайда кейбір пікір қалдырушылардың сөзіне қарағанда, Елбасының күнделікті ас мәзірі одан да қарапайым. 

2013 жылы қазақстандық телеарналардан "Назарбаев.Live" фильмі көрсетілді, ол фильмде президент асханасының бас-аспазшысы Игорь Кубряков Назарбаевтың жақсы көретін тағамдары туралы айтып берді. Айтуынша, Президент таңғы асқа міндетті түрде геркулес немесе сұлы жармасының ботқасына жемістер мен жаңғақ қосып жейді, ал түскі асқа көкөністермен әзірленген көже, кеспе немесе балық сорпасын ішеді, кешкі асқа - теңіз балағын немесе қуырылған қызыл балық жейді. Кубряковтың айтуынша, Назарбаев бешбармақ пен балықтан әзірленген барлық тағамдарды жақсы көреді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети