Иығын бөрене тесіп өткен белорус желі қолданушыларын шошытты

05 Маусым 2018, 10:26
0
Иығын бөрене тесіп өткен белорус желі қолданушыларын шошытты - Сурет: twitter.com/Byrdinov
Сурет: twitter.com/Byrdinov

Беларусь тұрғыны паратрайкадан құлап, ауыр жарақат алды. Жарақат алған ер адамның суреті желі қолданушыларын дүрліктірді, - деп хабарлайды Naviny.by.

Оқиға 2 маусымда болған. Парапланшы Иван Красовский Минск ауданында құлаған. Елдің ТЖМ өкілдері ер адамның "иық жарақатын" алғанын мәлімдеді. Бірақ жарақаттың қаншалықты ауыр екенін айтпаған. Кейін ер адамның иығын бөрене тесіп өткені белгілі болды. Зардап шеккен ар адамның суреті, соның ішінде өзі де түсіргендері бар Facebook желісінде жарияланды. 

Иван Красовский парапланшылар ортасында танымал. Ол Минсктегі "АкРАсила" экстремал спорт клубында нұсқаушы. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай