15 қыркүйек 2017 17:14

Жаттығу жасаған Орландо Блумды Интернет қолданушылары мазақ етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Instagram © Instagram

Жаттығу жасаған актер Орландо Блумды Интернет қолданушылары мазақ етті, - деп жазады Вести.Ru.


Жаттығу жасаған актер Орландо Блумды Интернет қолданушылары мазақ етті, - деп жазады Вести.Ru.

Басылымның мәліметінше, соңғы кездері Орландо Блумның жолы болмай жүр: сүйіктісі Кэти Перримен айырылысып кетті, кейіннен салық мәселесіне қатысты проблемалары шықты. Бірақ бұған қарамастан "Кариб теңізі қарақшыларының" жұлдызы дене сымбатын сақтап жүр.

Жақында актер Instagram желісіндегі парақшасында бөксе бұлшықетіне жасап жатқан жаттығуы түсірілген видеоны жариялады.

Әлеуметтік желі қолданушылары бұл видеоға түрлі пікірлер қалдырды. Біреулері Блумды "Голливудтың ең сымбатты жігіті" десе, тағы біреулері оны "қыз сияқты бөксе бұлшықетіне жаттығу жасап жатыр" деген пікірлер қалдырды.

Бірақ Орландо Блум бұл видеоға қатысты ешқандай пікір білдірген жоқ. Актер кейіннен жағалаудан тағы бір видео жариялады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети