Жүгері жеймін деп, шашы жұлынған қыз туралы видео жұртты күлдірді

09 Мамыр 2016, 00:06
0
Жүгері жеймін деп, шашы жұлынған қыз туралы видео жұртты күлдірді - Видеоның скриншоты
Видеоның скриншоты

Желіде дрельмен жүгері жейтін интернет-челленджді сәтсіз орындаған қыздың видеосы жария болды, - деп хабарлайды Life.ru

Бұл идеяны бірінші болып видео-блогер Итен Янг жасаған еді. Оның жүгеріні жаңа әдіспен жегені жайлы видео миллионнан аса рет көріліп үлгерген. 

Алайда, бұл челленджді қайталағысы келген қыз сәтсіздікке ұшырады. Қыздың ұзын шашы айналып тұрған бұрғыға оратылып, салдарынан қыздың маңдай шашының бір түйірі жұлынып түскен. 

Осыдан кейін қыздың дәрігерге қаралып жатқаны жайлы видео да пайда болды. Дәрігерлердің айтуынша, қыздың шашы қайтадан өседі, бірақ оған ұзақ уақыт қажет екен.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай