05 маусым 2015 12:20

Жүкті әйелін 9 ай бойы суретке түсірген жігіттің видеосы көпшіліктің жүрегін жаулады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© sviter.co © sviter.co

Жүкті әйелін 9 ай бойы суретке түсірген жігіттің видеосы көпшіліктің жүрегін жаулады. Біреу үшін 9 ай - 270 күн, ал біреу үшін - бар болғаны - 90 секунд, - деп жазады sviter.co.


Жүкті әйелін 9 ай бойы суретке түсірген жігіттің видеосы көпшіліктің жүрегін жаулады. Біреу үшін 9 ай - 270 күн, ал біреу үшін - бар болғаны - 90 секунд, - деп жазады sviter.co.

Дэвид есімді жігіт әйелінің жүкті екенін естіген сәтте бұл процессті камераға түсіріп отыруды ұсыныпты. Тек өсіп келе жатқан қарынды ғана емес, өмірдің күнделікті қандай өзгеріске ұшырағанына талдау жасау үшін ол күнделікті бір түсірілім жасауды ұйғарған.

"Осылайша 270 күн бойы жүкті әйелін суретке түсірген Дэвид әйелінің қарыны қалай өскенін бақылап отырды. Енді бұл жұп тұңғыш балаларын қаншалықты және қалай күткендері туралы естелікті әрдайым көріп, естеріне алатын болды. Сонымен қатар, олар сәбилері ер жеткенде оған видеоны көрсетіп, оны қаншалықты қатты күткендерін осылайша жеткізбекші", - делінген жарияланымда.

Айта кетейік, бұл видео жарияланғаннан кейін бірнеше күннің ішінде оны 1 миллион 200 мыңға жуық адам тамашалаған, жүздеген қолданушы пікір қалдырып, мыңдаған адам "ұнайды" белгісін басыпты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети