30 желтоқсан 2020 15:10

Журналистер 6 ай бойы ұлын көрмеген анаға тосынсый жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

"Алматы" телеарнасы 6 ай бойы ұлын көрмеген анаға тосынсый жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Алматы" телеарнасы 6 ай бойы ұлын көрмеген анаға тосынсый жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түркістан облысында бірнеше ауылды су басып, халық шығынға ұшыраған кездеоның ұлы Дархан Нәшірбек өз қалауымен әскерге кеткен екен. 

Анасының айтуынша, Өзбекстандағы Сардоба су қоймасы жарылған кезде Түркістан облысының бірнеше ауылын су басты. Төтенше жағдай кезінде баласы көрші ауылды су қаупінен аман алып қалуы үшін бөгет жасап, ауыл тұрғындарына көмектескен. Алғашқы көмекті ҚР Ұлттық Ұлан сарбаздары көрсеткендіктен, ұлы Дархан Нәшірбек ұландықтардың қатарында болуға шешім қабылдап, әскерге өзі сұранып барған екен. Әкесі де оның бұл шешімне қарсы болмапты.

Cодан телеарнаның "Шешімі бар" бағдарламасының редакциясы 6 ай ұлын көрмеген Гүлназира Мұратованы шақырған. Ол Түркістан облысы Мақтарал ауданынан келген.

Бағдарлама барысында ол баласының әскерге не себепті өзі сұранып барғанын айтып берді.

ҚР Ұлттық Ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының №5571 әскери бөлімінің сарбазы Дархан әскерде ата-анасының, жақындарының қадірін түсінгенін айтады.

"Менен кейінгі бауырларыма айтар ақылым – әскерге әр жігіт баруы тиіс, оны әрбір азамат көруі қажет. Себебі, ол – Отан алдындағы ер-азаматтың ең бірінші борышы. Әскерде көп заттың қадірін түсінесің. Ең бірінші, ата-ананың қадірін білесің. Мінезің де өзгеріп, салмақты бола түсесің", - дейді сарбаз.

Келер жылы мамыр айында әскери борышын аяқтайтын сарбаз алдағы жоспарын да айтты. Ол заңгер мамандығын оқып, сол салада еліне қызмет етпек ойы бар.

Бағдарлама соңында Гүлназира Мұратова телеарна ұжымына алғысын айтып, шығармашылық табыс тіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети