Жуынатын бөлмеде сабынмен ысынған егеуқұйрық Желіде дау тудырды - Видео

30 Қаңтар 2018, 15:44
0
Жуынатын бөлмеде сабынмен ысынған егеуқұйрық Желіде дау тудырды - Видео - Видеодан алынған кадр
Видеодан алынған кадр

Бақылшықта екі аяғымен тік тұрып, денесін сабын көбігімен ысқылап жатқан егеуқұйрықтың видеосы Желдіе тарап жатыр, - деп хабарлайды Metro

Видеоны Перу тұрғыны Хоссе Корреа түсірген. "Егеуқұйрық адам сияқты жуынып тұрды. Мұндайды ешқашан көрген емеспін. Ол 30 секундтай жуынды да, қашып кетті. Жақсылап жуынғысы келді деп ойлаймын", - дейді ол. 

Дегенмен сарапшылар мұны жалған екенін айтады. Gizmodo басылымының жазуынша, Хельсинки университетінің қалалық кеміргіштер жөніндегі маманы Туомаса Айвело егеуқұйрық қалыпты жағдайда бұлай жасмайтынын айтады. 
 
"Қозғалыстары өзгеше. Ол бір нәрседен құтылғысы келгендей. Денесіндегі сабын оған жақпай тұрғаны көрініп тұр. Әдетте егеуқұйрықтар жуынғанда тілі мен тісін пайдаланады", - дейді сарапшы. 

Ал Фордхем университетінің биологы Джейсон Манши егеуқұйрықты біреу осылай істеуге арнайы үйреткен деген пайымға келді. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай