Жыныстық қатынасқа түскендер теннис ойынын тоқтатып тастады

20 Сәуір 2017, 15:57
0
Жыныстық қатынасқа түскендер теннис ойынын тоқтатып тастады -

АҚШ-та теннис ойыны кезінде жыныстық қатынасқа түскен жұп теннис ойынына кедергі келтірді. Оқиға Сарасотадағы "челленджер" сериясында болған. 

Ойында америкалық Фрэнсис Тиафо мен Митчелл Крюгер жыныстық қатынасқа түскендердің даусына байланысты тоқтауға мәжбүр болады. Сөйтсек, жұп корттың маңында орналасқан үйлердің бірінде тұрады екен. 

Есеп 6:3 және 3:2 болып тұрған екінші сетте әйелдің даусы шыға бастайды. Осы кезде теннисшілер ойынды тоқтатады. Бастапқыда Крюгер теннис добын дауыс шығып жатқан жаққа қарай ұшырған. Кейін Тиафо шыдай алмай, "Соншалықты мықты болуы мүмкін емес!" деп әзілдейді. 

Кездесуде Тиафо 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай