1. Басты
  2. Біл
  3. Өмір
  4. Бір үзік

Қарсыласын күтпеген соққымен нокаутқа түсірген кикбоксшыны көрермендер сабап тастады12 маусым 2017, 09:08

Ашуға мінген бір топ көрермен рингке шығып, Нидерландыдан келген кикбоксшы Мертел Гронхартқа шабуыл жасады. Ал мұның алдында Гронхарт армян спортшысы Арут Григорянды нокаутқа түсірген болатын. Оқиғаның видеосы NewsTubeClips YouTube-арнасында пайда болды.

Болжам бойынша, жанкүйерлерге спортшының қарсыласына артынан шабуыл жасағаны ұнамаған. Григорян басына тіземен жасалған соққыдан кейін қорғанбай, өз бұрышына қарай бара жатқан. Төреші жекпе-жекті тоқтатпаған, сондықтан Нидерланды спортшысы оны ереже бойынша нокаутқа түсірген. 

Ал Желіде көптеген қолданушылар голланд спортшыны ұрып-соққан көрермендерді жақтап, Гронхарт қарсыласына құрметсіздік көрсетті деп отыр.

Видеоға қарағанда, жанкүйерлер оған бірнеше соққы жасаған. Оларды турнир ұйымдастырушылары мен күзетшілер тоқтатқан.