01 ақпан 2016 18:00

Қарт жауынгер соғыс ардагері куәлігіне 70 жылдан кейін қол жеткізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Otyrar.kz © Otyrar.kz

Қарт жауынгер соғыс ардагері куәлігіне 70 жылдан кейін қол жеткізді, - деп хабарлайды "Отырар"


Қарт жауынгер соғыс ардагері куәлігіне 70 жылдан кейін қол жеткізді, - деп хабарлайды "Отырар"

93 жастағы Ғани Ергешов соғыстағы ұрыстардың бірінде ауыр жараланып, госпитальға түскен. Есін жиған ол әскери билеттерінің жоғалып кеткенін байқайды. "Мені госпитальға жеткізген санитарлар әскери билетті алған. Ары қарай қайда қойғандарын ешкім білмейді, - деп еске алады Ғани ақсақал. - Кейін сол госпитальдан басқасына ауыстырды. Елге 1947 жылы оралдым. Келе сала құжатымды қалпына келтіру үшін әскери комиссариатқа барсам, ондағылар ресми сұраныс жіберу керек деді. Бір-екі барған соң ол жаққа мүлде аяқ баспай қойдым".

Ғани Ергешов
Ғани Ергешов. © Otyrar.kz

Қарттың немересі  әділеттілікті қалпына келтіру мақсатында әскери комиссариатқа барған. Жауап 6 айдан кейін келді.

Әскери мұрағаттың анықтамасы
Әскери мұрағаттың анықтамасы. © Otyrar.kz
 
Шымкент қалалық қорғаныс істері басқармасының ардагерлермен жұмыс істеу бөлімінің бас маманы Дариға Қожамұратова Ресейдің Подольск қаласындағы орталық архиві мен Санкт-Петербордағы әскери-медициналық музейге сұраныс жібергенін айтты. "Ол жақтарда соғыста жарақат алған жауынгерлердің құжаттары сақталады. Содан, 2016 жылдың қаңтар айында Ресейден мұрағат анықтамасы келді. Онда "Қызыл армия сарбазы Ғани Ергешов Ұлы отан соғысында әскери ұрыстарға қатысты және жағына жарықшақ тиіп, жарақат алған" деп жазылған", - деді ол.

Осы анықтама негізінде қарт жауынгер Ғани Ергешов ардагер куәлігіне қол жеткізді. Дариға Қожамұратованың айтуынша, қария соғыс ардагерлері қолданатын барлық жеңілдікті ала алады.

Дереккөз: "Отырар"

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети