12 қаңтар 2017 16:18

Қазақстандық журналист видеосы үшін Урганттан ақша талап етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pozner.online © pozner.online

Қазақстандық журналист әрі жазушы Алина Мұстафина Иван Ургант пен Владимир Познерге видеосы үшін ақша талап ететіні жайлы хат жолдады. Қыздың айтуынша, рейтингі жоғары саналатын "В поисках Дон Кихота" бағдарламасында оның Жирона қаласында түсірген видеосының үзіндісі қолданылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық журналист әрі жазушы Алина Мұстафина Иван Ургант пен Владимир Познерге видеосы үшін ақша талап ететіні жайлы хат жолдады. Қыздың айтуынша, рейтингі жоғары саналатын "В поисках Дон Кихота" бағдарламасында оның Жирона қаласында түсірген видеосының үзіндісі қолданылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алина Мұстафина бұл видеоны бағдарламадан кездейсоқ көріп қалған. Оның айтуынша, ол бастапқыда ұқсас видеолар екен деп ойлаған, алайда кейіннен видеоларды салыстырып, расында да оның видеосы қолданылғанын түсінген. Сондықтан Алина Мұстафина бағдарлама авторларының авторлық құқықты бұзғанын айтады.

"Егер де олар маған хабарласып немесе тіпті видеода менің авторлығымды көрсетсе, бұлай ашуланбас едім. Бұл ашықтан-ашық ұрлық жасау деген сөз ғой. Бағдарлама авторлары - Ургант пен Познердің осындай істермен айналысатыны қызық болды. Енді менің түсірген видеомды заңсыз және авторлық құқықты бұза отырып қолданғаны үшін өтемақы талап етпекшімін. Онымен қоса, ол видео жарнамалар көрсетілетін бағдарламада қолданылған, яғни олар бұл видеоны коммерциялық мақсаттарда қолданған", - деді Алина Мұстафина Tengrinews.kz тілшісіне. 

Қыздың айтуынша, ол Каталония тәуелсіздігін алу үшін бір тізбек боп тұрған адамдар көрсетілген видеоны 2013 жылы Жирона қаласында түсірген. Ал кейіннен ол видеоны Youtube хостингіне жүктеген. 

Түпнұсқа видео:

Бағдарлама сюжеті (23.15-тен бастап көру керек):

Енді Алина Мұстафина Бірінші арнаға ресми хат жолдап, жауабын күтіп отыр. Оның хатын заңгерлік қызметтегілер қабылдады. Сондай-ақ, ол Ургант пен Познерден жауап алу үшін олардың жеке парақшаларына жазған. Ал заңгерлер мен сарапшылар Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында Алина Мұстафинаның он мың доллар өндіріп алуы мүмкін екенін айтты.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети