Қазақстандық қыз iPhone сатып алу үшін бір қорап тиын жинаған

04 Қаңтар 2017, 13:59
0
© Facebook
© Facebook

Алматыда мектеп оқушысы жаңа iPhone сатып алу үшін ақша жинаған, - деп хабарлайды Tеngrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Rassul Rysmambetov есімді қолданушы Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

Оның айтуынша, ұялы телефон 2017 жылдың бірінші күні-ақ сатып алынған. "Мен 2 қаңтарда жеке меншік интернет дүкеннің кеңсесінде телефон сатып алып жатқанмын. Содан сатушының үстелінде 100 теңгеліктермен толтырылған қорапты көрдім. Ол кеше дүкенге осы қорапты бір қыздың әкесімен бірге әкеліп тастағанын айтты. Олар қызына жаңа iРhone сатып алыпты", - деп жазды Rassul Rysmambetov.

Сатушының айтуынша, қыз шамамен 10-11 жаста. Ол валюта бағамы долларына 180 теңге болған кезден бастап ақша жинаған екен. "Меніңше, бұл ақшаны ол бір жылдан аса уақыт жинады. Тиындар дүкендерден қайтарылған тиындардан, ата-анасының мектепке барып-келуіне беріп жүрген ақшаларынан жиналған", - дейді жазбаның авторы.

Сондай-ақ, Желі қолданушылары осы жазбаға "Ұлттық қордың болашақтағы бастығы", "Менің 9 жастағы қарындасым да 100 теңгеліктерді жинап жүр, ата-анамызбен бірге Дубайға барғысы келеді", "Менің қызым да ақша жинап жүр, бірақ не үшін жинап жүргенін айтпайды" деген пікірлерді қалдырып жатыр.

Айта кетейік, осыған дейін де алматылық жігіттің смартфон үшін тоғыз қап тиын бергені айтылған болатын. Ерекше сатып алушы туралы мәлімет цифрлық техника сататын дүкеннің Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланды. Суретте кассир қыз 50 және 100 теңгелік тиындар салынған тоғыз қаппен түскен, ал оның артында сатып алушының өзі мен досы түсіп қалған, - деген еді компаниядағылар.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай