Қазақстандық қыз Miss Virtual 2019 атанды

16 Қараша 2019, 18:12
0
Қазақстандық қыз Miss Virtual 2019 атанды -

Мексикада өткен "Miss Virtual World 2019" сұлулық байқауында қазақстандық Арайлым Ишахат бас жүлдеге ие болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жеңімпаздың өзі виза рәсімдеуге байланысты қиындықтар туып, Канкун қаласына келе алмаған.


Сурет: instagram.com/ishakhatova

Байқауға әлемнің 20 елінен арулар қатысқан. Олардың арасында Қырғызстан, Армения, Боливия, Бразилия, Гватемала, Гондурас, Ресей, Коста-Рика, Доминикан, Панама, Перу, Мексика, Колумбия, Танзания, Чили, Эквадор және басқалар бар. Байқау жеңімпазы бас жүлде - Porsche 718 Cayman автомобиліне ие болды.

Айта кетейік, қазан айының басында Арайлым Ишахат Miss Virtual Kazakhstan байқауында жеңген. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай