Қазақстандық вайнер Парижде өзін мазақ еткісі келген көше бишілерін састырды

07 Тамыз 2016, 19:05
0
Жеңіс Омаров PSY-дың Gangnam Style әніне би биледі.
Жеңіс Омаров PSY-дың Gangnam Style әніне би биледі.

Zheka_fatbelly деген лақап аты бар қазақстандық вайнер Жеңіс Омаров Парижде ширақ биімен жұрттың көзайымына айналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Франция көшелерінің бірінде жігіт көше бишілеріне қосылып, жиналған қауымға керемет әсер сыйлады. Омаров бірнеше французбен бірге корейдің атақты әншісі PSY-дың Gangnam Style әніне би биледі. Бишілердің өзі оның көрсеткен өнеріне таңдай қаққанын видеодан көруге болады.

"Өтіп бара жатып, шоуды байқап қалдық. Олар мен шақырып алып, менің биіме күлгісі келді. Азиат қой гангнам стайлды билетейік деді, осы жерде мен жардым десем де болады. Соңында 5 еуро берді. Париж, сені ешқашан ұмытпаймын", - деп жазды вайнердің өзі.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай