20 мамыр 2014 17:03

Қазақтың қаны қандай?

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ @Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ

 Жұмыр жердегі жұрт қазақ қанының тазалығына тәнті болады. Олай болатын жөні де жоқ емес. Ежелгі кезеңнен бері біздің бабаларымыз жеті ата заңдылығын сақтады. Соның арқасында ұлтымыздың қан тазалығы әлем жұртшылығын таңғалдырып келеді. Жасырып-жабатын несі бар, дүние жүзінде мұндай заңдылықты сақтап жүрген ұлт пен ұлыс саны некен-саяқ. Тіпті, жоққа тән десек те артық емес. Абыз даламызда аңызға айналған үрдіс қаншама ғасыр бойы ешбір бұзылмастан сол күйінше сақталып отыр. Жеті ата түгілі жетпіс жеті ата жетсе де, біздің қазақта бір-бірімен құда болып, төс түйістіріп жатқан ешкім жоқ. Руына байланысты әлі күнге дейін бір-бірімен қыз алыспай келеді. Қазір оны жұмыр жердегі барлық ұлттар үлкен қызығушылықпен қарап келеді. «Алаш айнасы» тілшісі қазақтың қанының құрамын зерттеп көрген еді.

Жалпы алғанда, қан мәселесіне немқұрайлы қарауға болмайды әсте. Өйткені, ежелден келе жатқан тәмсілдер баршылық. Мәселен, ізгі істер жасаған азаматтарды тегіне тартып туған ғой деп жатады. Расында, олардың ата-бабалары елдің алғысына бөленген, халықтың қошеметін иеленген абзал азаматтар болады. Осылайша кейбір қасиеттер ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, елдің ризашылығына бөленіп жататын жандар көп десек те болады. Заман қалай құбылса да, біз сондай ізгілікті істерді жадымыздан жоғалта қоймағанымыз абзал. Оны кейінгі ұрпақтың құлағына құйып, ұрпақтан ұрпаққа жалғастыра түскеніміз абзал. Сондай-ақ, халқымызда «Қанына тартпағанның қары сынсын» деген нақыл да айтылады. Олардың әрбірінің сырына үңілсеңіз, өз өмірің үшін көптеген қажетті дүниелерді жадыңа тоқуға әбден болады.

Медициналық тілде түсіндіре кететін болсақ, ол ағзадағы сұйық ортаның бірі саналады. Қан тамырлардың тұйық жүйесін бойлай ағып, тасымалдау қызметін атқараып, барлық мүшелердің жасушаларына қоректік заттар мен оттегін жеткізеді. Сонымен қатар, тіршілік әрекетінің өнімдерін зәр шығару мүшелеріне тасымалдайды. Организмдегі биологиялық әрекетшіл заттардың гуморальдық реттелу қызметі қанның қатысуымен іске асады. Қан ағзаның инфекциядан қорғаныш реякциясын қамтамасыз етеді. Ересек адам ағзасында шамамен бес литр қан болады. Оның негізгі бөлігі жасуша аралық сұйық зат – плазмадан құралады. Тромбоциттер сүйектің кемік майындағы жасушалардан түзіледі. Олардың жетілуі, қорға жиналып, бұзылуы басқа мүшелерде өтеді. Плазма негізінде еріген органикалық және бейорганикалық заттары бар судан тұрады. Оның құрамының өзгеруі ағза үшін өте қауіпті. Қанға үздіксіз көптеген заттардың қосылуына қарамастан, плазманың құрамы өзгермейді. Плазмадаға артық заттар зәр шығару мүшелері арқылы шығарылады: қан өкпеде көмірқышқыл газынан, ал бүйректе – судың артық мөлшері мен онда еріген минералды тұздардан арылады. Қанды зерттейін ғылымды серология деп атайды, ол иммунологияның бір саласы саналады. 

Шынын айту керек, біздің қазақ қоғамында бұл бағытта қандай зерттеу жүргізіп жатқанынан біз бейхабармыз. Бәлкім, бұл сала бізде кенжелеп қалған да болуы әбден мүмкін. Десе де, әлемнің кейбір елдерінде оған ерекше мән беріп қарап келеді. Әсіресе, өркениетті мемлекеттерде оған айрықша назар аударады. Әрине, біз бұл тұрғыда ешқандай шаруа атқарып жүрген жоқпыз деуіміз бекершілік болар. Қазақтың антропология саласына өлшеусіз еңбек сіңірген Оразақ Смағұлов ағамыздың мерзімдік басылым беттерінде жарияланған мақаларынан халқымыз туралы бірлі-жарым деректерді оқып қаламыз. Одан өзге шығып жатқан дүниелер жоқтың қасы.

Толық нұсқасын "Алаш айнасы" сайтынан қараңыз

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети