Киіз үй қазақ пен қырғыздың мәдени мұрасы болып бекітіледі

26 Тамыз 2014, 13:34
0
Киіз үй қазақ пен қырғыздың мәдени мұрасы болып бекітіледі - ©Айжан Түгелбаева
©Айжан Түгелбаева

Осы жылдың соңына дейін киіз үй Қазақстан мен Қырғызстанның мәдени мұрасы деп танылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түркі киіз үйін ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраларының қайта таныстыру тізіміне енгізу туралы екі елдің бірлескен өтінімін комиссия қараша айында қарайды. Бұл туралы Бішкекте ЮНЕСКО-ның бас директоры Ирина Бокова айтты.

Қырғызстан мен Қазақстан киіз үй құру жөніндегі дәстүрлі білімдерді материалдық емес мәдени мұралар тізіміне қосуды ұсынған. Бұған қоса, екі республика ЮНЕСКО мәдени мұраларының қайта таныстыру тізіміне суырыпсалма ақындар айтысын қосу туралы да бірлесе өтінім білдірген. Бұл өтінімді ЮНЕСКО 2015 жылы қарауды жоспарлап отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қырғызстанның ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралары тізіміне "Манас, Семетей, Сейтек" эпикалық трилогиясын қосу туралы өтініші мақұлданған болатын. Сонымен бірге, жеті түркі мемлекетінің атынан берілген өтінім бойынша Наурыз мерекесі, ақындық өнер мен қырғыз ыршылық дәстүрі де осы тізімге енді.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстанда жеті киіз үйден тұратын мейманхана салу жоспарланып отыр. Кешен Омбы - Майқапшағай - Өскемен тас жолдарының түйісетін жеріне тұрғызылады. Киіз үй-мейманхана Астанада таныстырылды. Бұрынғы ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жоба өңірге туристерді тартуға көмектеседі деген сенім білдірген болатын.

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай