Көкпарды көпқабатты үйдің ішіне дейін жылқысымен кіргізген жігіттің видеосы пайда болды

14 Мамыр 2017, 12:39
0
Көкпарды көпқабатты үйдің ішіне дейін жылқысымен кіргізген жігіттің видеосы пайда болды - © instagram.com/kazakh_video
© instagram.com/kazakh_video

Қазнетте көкпарды көпқабатты үйдің ішіне дейін жылқысымен кіргізген жігіттің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео Instagram желісіндегі kazakh_video парақшасында пайда болды. Оқиға Қазақстан қалаларының бірінде болған. Роликте жылқы мінген ер адамның көпқабатты үйдің баспалдағымен көтеріліп бара жатқаны түсірілген. Жарты тәулік ішінде видеоны 30 мыңға жуық адам көрген. Пікір жазғандардың бірқатары мұның жабайылық екенін айтып, сөгіп жатса, тағы біреулері мұның ұлттық салт-дәстүр екенін айтып жатыр.

 

Айта кетейік, көкпардың дода әдісінде осындай ерекшелік бар. Көкпар тартушы оны ерекше бір жақсылығы бар үйге апарып тастайды. Салт бойынша ол үй жаңа көкпар береді. Осыдан арғы көкпардың бәрі дода әдісімен өтеді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай