Көлік жуушы қанша табыс табады? Әлеуметтік эксперимент

18 Ақпан 2018, 12:15
0
Көлік жуушы қанша табыс табады? Әлеуметтік эксперимент -

"Колеса" порталының тілшісі Роман Масленников "Иди заработай!" жобасының аясында Алматыдағы автожуулардың бірінде бір күн жұмыс істеп көрді.  

Журналист автожуудағы жұмыстың қиыншылықтарын, осы салада қандай кедергілердің барын, түрлі ұтымды әдістерді анықтап көрді, сондай-ақ, мұндай қызметтен қанша табыс табуға болатынын білді. 

"Жұмыс күнім таңғы сегізден түнгі бірге дейін жалғасады. Осылай үш күн қатарынан істеуім керек. Сосын үш тәулік ұйқыны қандырып, демаламын", - дейді журналист роликте.  

Ал видео соңында ол мынадай қорытынды жасады: "Мұнда біліміңнің қажеті жоқ. Бір-екі күнде үйреніп аласыз. Мұндай деңгейдегі автожууда сәті түсіп тұрған кезде 300 мың теңгеге дейін ақша табуға болады".

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай