Қырғызстан интимді хабарландырулардың көзін жоймақ

20 Қаңтар 2014, 15:01
0
Қырғызстан интимді хабарландырулардың көзін жоймақ - сурет kenesh.kg сайтынан алынған
сурет kenesh.kg сайтынан алынған
Қырғыз депутаты Қожобек Рыспаев "ақпарат құралдарында "ер адам ер адамды іздейді, әйел адам демеуші не серіктес іздейді" деген сияқты интимдік сипаттағы хабарламаларға тыйым салу керек деген бастама көтерді" деп хабарлайды Tengrinews.kz 24kg ақпараттық құралына сілтеме жасай отырып.

Заңға осындай өзгеріс енгізу керектігі туралы бастаманы қырғыз депутаты Жогорку Кенеш отырысы барысында көтерген. Депутаттың пайымдауынша, интимдік сипаттағы хабарламаларға тыйым салу қоғамдық қажеттіліктен туындап отыр. Өйткені, мұндай құбылыс қоғамды деградацияға ұшыратады.

"Ең сорақысы, интимдік сипаттағы хабарламалардың телеканалдар арқылы таратылуы. Заңдағы олқылықтар телеканалдардан интимдік сипаттағы хабарламалардың ашықтан-ашық жариялануына жол ашып отыр. Сондықтан заңға өзгеріс енгізіп, интимдік сипаттағы хабарламалардың ақпарат құралдарында берілуіне тосқауыл қою қажет. Өйтпеген жағдайда, бұл қоғамға іріткі салады" – дейді Қ. Рыспаев.

Депутаттың пайымдауынша, интимдік сипаттағы хабарландырулар дәстүрге жат отбасылық қатынастардың белең алуына ықпал етіп, дәстүрлі отбасылардың бұзылуына әкеледі. "Бұл хабарламаларда ашына іздейтіндерін ашық айтады. Мемлекет бұған тосқауыл қойып, қоғамдағы адамгершілік қасиеттерді, көргенділікті сақтауы қажет" – дейді халық қалаулысы.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Ресей Думасының депутаты Владимир Жириновский өзінің партияластарына жылына төрт реттен артық жыныстық қатынасқа түспеу туралы ұсыныс жасаған еді. Алайда, кейін ЛДПР партиясының жетекшісі ол айтқанын әзілге балаған болатын.

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай