Қытайда ер адам үстіне 1 миллион араны қондырды

28 Мамыр 2015, 18:05
0
Қытайда ер адам үстіне 1 миллион араны қондырды - © ekd.me
© ekd.me

Қытай азаматы үстіне миллион араны қондырып, рекорд орнатты, - деп хабарлайды "24.kz".

Порталдың мәліметінше, жүрек жұтқан ер адам үстіне 1 миллионнан аса бал арасын қондырып, әлемдік рекорд жасады. Бір сағаттың ішінде Гао Бингоның денесін жәндіктер 2 мың рет шаққан.

"Салмағы 110 келіден асқан аралар бетін шақпас үшін омарташы үздіксіз темекі шегіп тұрды. Сынақ уақыты аяқталған бетте ол мұзды суға сүңгіді", - делінген жарияланымда.

Айта кетейік, Қытайда "аралар патшасы" атанып кеткен Бинго өткен жылы 460 мың араны қондырып, дәл осындай рекорд орнатқан болатын. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай