10 қазан 2019 10:22

Қыз бала миллиондаған долларды қалай табудың сырын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Андреа Абели лақапатымен танылған румыниялық Instagram-блогер Андреа Василе жабық аккаунтында бір пост үшін қанша ақша алатынын айтты. News.com.au порталының мәліметінше, Бухарест қаласының 35 жастағы тұрғыны бұрындары веб-дизайнер болып қызмет еткен, - деп хабарлайды "Лента.ру"

Оның айтуынша, бір пост 750 доллардан басталып 7,5 мыңға дейін барады екен. Василе өзінің танымал болуын адалдығымен байланыстырады - әйел ашық түрде пластикалық ота жасатқаны айтады. 

Қазіргі уақытта Василенің Instagram желісіндегі парақшасына (екі жылдан бері жабық болуына қарамастан) үш миллионнан аса адам жазылған. Көп суретте ол жалаңаштанып арқасымен түседі. Модель жылына 2,2 миллион доллар табыс табатынын айтады. 

Василе қаражаттың біршама бөлігін компаниялардан алатынын айтады. Сондай-ақ, модельдің жанкүйерлері арнайы сайт арқылы оның суреттері мен видеоларын көре алады, алайда оның өзіне жазылу айына 7 доллар тұрады. 

Модель өзіне неше түрлі пікірлер келіп жататынын айтады. Кейде түсініксіз және жағымсыз пікірлер кездесіп жататынын жасырмады. Ең сорақысы ретінде қыз бала мына пікірді айтады "Сен тозақтың отында жанасың және сенен пластиктің иісі шығатын болады". 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети