19 тамыз 2020 10:09

Қызметінен айырылған қазақстандық TikTok-та видео түсіріп жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әли-Асқар Байғожин 30 жаста. Ол құқық қорғау органдарындағы қызметкерлердің жұмысы туралы әзіл видеолар түсіреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әли-Асқар Байғожин 30 жаста. Ол құқық қорғау органдарындағы қызметкерлердің жұмысы туралы әзіл видеолар түсіреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әли-Асқар Байғожин Атырауда туып-өскен. Мектепті бітіргеннен кейін Алматыдағы ҰҚК академиясына түскен. Алты жыл Атырау облысы ҰҚК департаментінде еңбек еткен.

"2012 жылы оқуды аяқтадым. Атыраудағы департаментке жұмысқа тұрдым. Алты жыл бойы жедел уәкіл болдым. Аға жедел уәкіл де болдым. Кейін шетелдікпен дәмханада жанжалдасқаным үшін теріс себеппен жұмыстан қуылдым. Үстімнен іс қозғалды да, соңында жұмыстан шығып қалдым", - деді ол.

Содан кейін Әли-Асқар қарулы күштердегі оқу мен өмір туралы видеолар түсіре бастайды.

"Біздің өз қалжыңымыз бар, көбі оны түсіне бермейді. Маған хобби болып кетті. Жұмыссыз қалғаннан кейін жалпы тақырыпқа бір ролик түсірдім. Ол басшылармен әңгімелесу туралы болды. Мен көмек сұрап барғанда: "Сен уәкілсің ғой, бірдеңе ойлап тап" дейтін. Осы видео танымал болып кетті. Бәрі таратты. Тіпті Ресей, Өзбекстан, Украина, Қырғызстаннан адамдар жаза бастады. Сол кезде мен әрі қарай да түсіре алатынымды түсіндім. Маған ұнайды", - деп бөлісті экс-қызметкер.

Ол өзінің 11 жылдық еңбек өтіліне алғыс білдіретінін атап өтті.

"Біздің жұмыс кестеміз тұрақсыз еді. Ресми түрде 19.00-ге дейін істесек те, көбіне 23.00-ге дейін еңбек еттік. Кейде күні-түні жұмыс істейтін кездеріміз болды. Диверсия, теракт, мемлекетті сату, жемқорлық - осының бәрімен айналыстық. Жұмыс өте қызық еді. Бастысы ынта керек... Құқық қорғау органдарынан артқы уақытты көрсетіп жұмыстан шығарып жіберетін кездер жиі кездеседі. Жай құқықбұзушылықтар үшін де қызметтен айырылып қалуың мүмкін. Қызметкердің абыройы таза болу керек", - деді ол.

Қазір Әли-Асқар Нұр-Сұлтанға көшіп келген және роликтерді түсіруден бөлек, отбасылық кәсіппен айналысады.

@qasqir_kz

##прикол ##фсб ##полиция ##кнб ##курсанты

♬ оригинальный звук - qasqir_kz
@qasqir_kz

самый первый мой вайн??? ##полиция ##оперуполномоченный ##фсб ##кнб

♬ оригинальный звук - qasqir_kz
@qasqir_kz

Взяточников надо ловить и истреблять) ##прикол ##антикор ##фсб ##коррупция ##полиция ##оперуполномоченный ##кнб

♬ original sound - PVR Cinemas
@qasqir_kz

Типичное начальство??? ##полиция ##коррупция ##оперуполномоченный

♬ hahahahaha - Tik Tok
@qasqir_kz

Лучший результат для опера))) ##оперуполномоченный

♬ оригинальный звук - diporok_
@qasqir_kz

когда начальник департамента зовет на ковер? ##полиция ##оперуполномоченный ##фсб ##кнб ##кыргызстан ##казахстан ##россия ##узбекистан

♬ оригинальный звук - qasqir_kz
@qasqir_kz

Сейяас такой заман, что сбшники в полиции, фиксируют любую фигню, и пытаются уволить сотрудников. ума возможно не хватает сделать хорошую разработку

♬ original sound - PVR Cinemas
@qasqir_kz

Опера не такие уж и злые) ##оперуполномоченный ##фсб ##кнб ##кгб ##полиция

♬ original sound - plaincheerios

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети