24 қыркүйек 2019 12:08

"Қызылорда - Нұр-Сұлтан" бағытындағы пойызда сәби дүниеге келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

23 қыркүйекте №91 "Қызылорда - Нұр-Сұлтан-Нұрлы-жол" бағыты бойынша жүретін жолаушылар пойызының Тараз - Шу жол телімінде нәресте дүниеге келді, - деп хабарлайды "Елорда Инфо" "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз орталығына сілтеме жасап.


23 қыркүйекте №91 "Қызылорда - Нұр-Сұлтан-Нұрлы-жол" бағыты бойынша жүретін жолаушылар пойызының Тараз - Шу жол телімінде нәресте дүниеге келді, - деп хабарлайды "Елорда Инфо" "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз орталығына сілтеме жасап.

"6-шы вагонда келе жатқан Гүлнұр Жолдас жол үстінде толғатып, пойыз бригадасы пойыздың ішіндегі радиожелі арқылы жолаушылар арасынан дәрігер іздеді. Абырой болғанда сол құрамда білікті акушер мамандары, атап айтқанда Шолпан Ембаева, Дәркен Байқошқарова, Ботагөз Көшербаеваның сапар шегіп бара жатқаны анықталды. Бірден 6 вагонға келген олар жолсеріктердің көмегімен жүкті әйелді босандырып алды. Шу стансасына жеткенде оларды жедел жәрдем көлігі тосып алып, жақын маңайдағы ауруханаға жеткізді", - делінген хабарламада.

Компания өз атынан қол ұшын созған жолаушылар мен пойыз басшысы Меруерт Қорабаеваға алғысын білдіреді. Нәрестеге анасы Меруерт деген есім берді.

Айта кетейік, компанияға қарасты барша жолсеріктер әр уақытта алғашқы медициналық және штаттан тыс жағдай кезінде көмек көрсету оқу-тренингтерінен өтеді. Өткен жылы жол үстінде 10 бала дүниеге келген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети