Лариса Гузеева ауруханаға түсті - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Лариса Гузеева ауруханаға түсті - БАҚ "Бірінші арна" кадры

Бірінші арнадағы "Давай поженимся" телешоуының жүргізушісі Лариса Гузеева COVID-19 жұқтырған науқастар емделіп жатқан Мәскеу қалалық № 40 клиникалық ауруханасына жатқызылды. Актриса ауруханаға 26 қыркүйек, жексенбіде кешке жеткізілді. Бұл туралы "Комсомольская правдаға" дереккөз мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Басылым дереккөзінің айтуынша, тележүргізуші коронавирус жұқтырмаған. Коммунаркада актриса COVID-19 тестінен өтті, сараптама теріс нәтиже көрсеткен.

"Қазір Гузеева палатада жатыр, дәрігерлер жағдайын тұрақты деп бағалайды. Алайда, дереккөздің айтуынша, ол қатты күйзелісте, дәрігерлер әйгілі науқасына тыныштандыратын дәрі берген. Тележүргізуші ауруханаға қандай диагнозбен түскені әзірше белгісіз", - делінген мақалада.

Басылым атап өткендей, жексенбіде таңертең Гузеева Instagram-да демалысын өткізіп жатқан Қырымнан сурет жариялаған. Атап айтқанда, ол тыңдармандарына Қырым клиникаларының бірінде косметикалық процедуралар қалай жүргізілетінін көрсеткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети