19 маусым 2015 15:57

Метрода нәресте дүниеге келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© GLOBAL LOOK press/David Clapp © GLOBAL LOOK press/David Clapp

Мәскеу метросында нәресте дүниеге келді, - деп жазады dni.ru.


Мәскеу метросында нәресте дүниеге келді, - деп жазады dni.ru.

Порталдың мәліметінше, метрода жүкті әйелдің толғағы кенеттен басталған. Бақылаушылар болашақ ананы демалу бөлмесіне апарып, жедел жәрдем шақырған, алайда ол дәрігерлер жеткенше босанып қалды.

"Әйелді метрополитен қызметкерлері босандырып алды. Өмірге қыз бала келді. Бұл әйелдің үшінші перзенті екені белгілі болып отыр. Қызы өмірге келіп жатқан сәтте әкесі есік сыртында полицейлермен бірге күтіп тұрды", - делінген жарияланымда.

Дәрігерлер метро станциясына нәресте туылғаннан кейін 20 минут өткенде жетіпті. Анасы мен баласын перзентханаға алып кеткен дәрігерлер екеуінің де жағдайының жақсы екенін хабарлады.

Айта кетейік, осыған ұқсас оқиға өткен жылдың желтоқсан айында Новосібірде болған. Ол кезде әйел троллейбустың ішінде босанған. Оны қоғамдық көліктің жүргізушісі мен өтіп бара жатқан адам босандырып алыпты. 

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети