Министрлік әржынысты бұлттар теориясын айтқан автордың ғылыми атағына байланысты пікір білдірді

21 Шілде 2017, 18:11
0
Министрлік әржынысты бұлттар теориясын айтқан автордың ғылыми атағына байланысты пікір білдірді -

ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері әржынысты бұлттар теориясының авторы Азамат Байтасовтың ғылыми атағына байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан Республикасының заңнмасына сәйкес, қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен беріледі. Кез келген басқа органдар мен ұйымдар, оның ішінде Павлодар өңірлік менеджмент академиясы заң тұрғысында қауымдастырылған профессор (доцент) және профессор ғылыми атағын беруге құзырлы емес", - делінген ресми жауапта. 

Сондай-ақ, Азамат Байтасовқа Комитеттің қауымдастырылған профессор (доцент) немесе профессор атағы бермегені айтылады.  

Министрлік өкілдерінің айтуынша, Министрліктің, Комитеттің және құрылымдық бөлімшелердің құзырына қандай да бір жаңалықтарды тіркеу кірмейді. "Министрлік өкілдерінің Байтасов Азаматқа Ресей Федерациясының ғылым докторы ғылыми дәрежесін алғаны жайлы мәліметі жоқ. Бұл мәселе бойынша РФ Жоғары аттестация комиссиясына хабарласу қажет", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, мұның алдында Қарағанды облысы Балқаш қаласының тумасы 28 жастағы Азамат Байтасов қалай профессор атанғанын айтып берген еді. Ол бұлттардың әржыныстылығы туралы  идеясын алдымен шетелде, кейін Қазақстанда дәлелдемекші. Байтасовтың айтуынша, болашақта әржынысты бұлттар туралы бөлім 6-7 және 10-сыныптарда география пәнінің оқулықтарында пайда болуы мүмкін.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай