Мысықтар жер сілкінісі болатынын 10 секунд бұрын сезіп, қолданушыларды таңғалдырды

15 Шілде 2018, 11:14
0
Мысықтар жер сілкінісі болатынын 10 секунд бұрын сезіп, қолданушыларды таңғалдырды - видеодан үзінді
видеодан үзінді

Жапонияда мысықтарға арналған кафеде орналасқан бейнебақылау камералары түсірген видео кеңінен таралып жатыр. Онда бір уақытта бірнеше мысық жер сілкінісі болатыны жайлы алдын ала хабарлағандай, алаңдаушылық білдіреді. Видео YouTube желісінде жарияланды. 

Видео 18 маусымда түсірілген. Онда бір бөлмеде тыныш жатқан мысықтар лезде бастарын көтеріп, қояр жер таппағандай қозғала бастайды. Бірнеше секундтан соң камера жер сілкінісін түсіреді - бөлмедегі жиһаз қозғала бастайды. 

YouTube желісінің қолданушылары видеоға көптеген пікір қалдырған, олар мысықтардың сезгіштігін айтып, таңғалған. Көптеген адамдар табиғи апаты кезінде мысықтардың бір бөлмеде қамалып қалғанына алаңдаушылық білдірді. Видео миллионнан аса қаралған. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай