1. Басты
  2. Біл
  3. Өмір
  4. Бір үзік

Нью-Йоркте ерлі-зайыпты қариялар 82 жыл бойы бірге тұрып келеді

©Xvatit.com ©Xvatit.com

Нью-Йоркте бір жұп үйленгеніне 82 жыл толғанын атап өтті, - деп хабарлайды Associated Press. Америкада мұнша жыл шай деспей ғұмыр кешкен ерлі-зайыптылар некен-саяқ.

Гаитиде туып-өскен Дюранорд Веиллард - 108 жаста, ал оның әйелі Джен Веиллард - 104-те. Отбасы АҚШ-қа 1968 жылы көшіп барған. Олардың бес баласы бар. Басылым Дюранордтың көру және есту қабілеті нашарласа да, таңғы уақытта дене шынықтырумен айналысатынын жазады.

Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ-та бір ерлі-зайыптының 67 жыл бірге ғұмыр кешкеннен кейін бір күнде қайтыс болғаны хабарланған еді. 90 жастағы Флойд пен 89 жастағы Виолетта Хартвигтер 11 ақпан күні Калифорния штатындағы өз үйлерінде о дүниеге аттанды.