Палестина азаматы жынысын өз қолымен ауыстырмақ болды

02 Қараша 2014, 16:24
0
Палестина азаматы жынысын өз қолымен ауыстырмақ болды - ©lifenews.ru
©lifenews.ru

Ливанда палестиналық азамат өзіне-өзі жыныс ауыстыру операциясын жасамақ болды, - деп хабарлайды Life News.

Басылымның мәліметінше, Ливандағы Сидон қаласының ауруханасына ер адам баса-көктеп кірген. Ол жанұшырып айқайлап, дәрігерлерге кесілген органдары бар қара полиэтилен пакетті ұстатқан.

Пациент дәрігерлерге өзіне-өзі жыныс ауыстыру операциясын жасамақ болғанын айтты. Ер адам мұндай операцияны қалай жасауға болатыны түсірілген Youtube-тегі бейнежазбаны басшылыққа алыпты. Бұл бейнежазбаны негізге алуды досы ұсынған.

Операция үстелінде жатқан палестиналық дәрігерден өзі бастаған жыныс ауыстыру операциясын жалғастыруды өтінді. Бірақ дәрігер оның өтінішін орындамады. Қазір бұл оқиғаны жергілікті құқық қорғау органдары тергеп жатыр.

 

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай