Парижде көше бишілерін састырған қазақстандық вайнер Сеул тұрғындарын қайран қалдырды

12 Қараша 2016, 00:40
1
Парижде көше бишілерін састырған қазақстандық вайнер Сеул тұрғындарын қайран қалдырды - Видео кадры
Видео кадры

Қазақстандық белгілі вайнер Жеңіс Омаров Сеул тұрғындарын ерекше биімен таңғалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оңтүстік Кореяның астанасындағы көшелердің бірінде қазақстандық көше бишілеріне қосыла кетеді. Омаров Бруно Марс пен Марк Ронсонның Uptown Funk деген хитіне билейді. "Екінші қала, Сеул. Мұнда көше шоуын тауып, соған еніп кеттім. Жақсы шыққан сияқты", - деп жазды вайнер Instagram желісінде.

Еске салайық, бұған дейін Жеңіс Париждегі бишілерге қосылып PSY деген корей орындаушысының Gangnam style әніне билеп, қала тұрғындарының көңілін көтерген болатын. Жұртшылық қазақстандық вайнерге риза болып, тіпті ақша да беріпті.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай