Ресей тілшілері қазыны ешкінің етімен шатастырып алды

26 Ақпан 2016, 11:28
1
Ресей тілшілері қазыны ешкінің етімен шатастырып алды - © Mgorod.kz
© Mgorod.kz

Астанада 8 наурызда McDonald's мейрамханасы ашылады. Мәскеуде осыған байланысты баспасөз мәслихаты өтті. Шарадан кейін Ресейдегі ақпарат агенттіктерінің бірі "қазақстандық McDonald's мейрамханасының ас мәзіріне ешкі етінен жасалған бургер кіреді" деген тақырыппен жаңалық жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

  

Кейін тілшілердің McDonald's франшизасының Қазақстандағы иесінен мәзірге ұлттық тағамдар, мысалы қазыдан жасалған бургердің енгізілуі туралы сұрағаны белгілі болды.

"Көптеген елдің жергілікті ұлттық өнімдері бар. (...) Әрине, тұтынушыларымыздың көңілінен шығып, жергілікті тағамдар ұсынуға тырысамыз. Дегенмен бұған уақыт керек. Ол 500 тексеруден өткізіледі. Сапаны бақылау өте маңызды", - деп жауап берді Боранбаев.

Тілшілер осы кезде қазыны ешкі етімен шатастырып жазып жіберген.

Бірнеше сағат өткеннен кейін тақырып қайта өзгертілді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай