Рудный қаласында бір қария жанжалқой тұрғынның мысын басты

08 Маусым 2015, 12:01
0
Рудный қаласында бір қария жанжалқой тұрғынның мысын басты - ©Youtube.com кадры
©Youtube.com кадры

Рудный қаласында бір қария жанжалқой тұрғынның мысын басты. Бұл сәтті оқиғаның куәгерлері ұялы телефон камерасына түсіріп, Alau.kz редакциясына жіберді.

Бірінші видеода ашулы әрі мас ер адамның Рудный қаласындағы басты даңғылына шығып, көліктердің қозғалысына кедергі келтіріп жатқанын көруге болады. Ол көліктердің бірін тоқтатып алып, төбелесуге шақырады. Көліктегілер болса дабылын қағып, жолдан өткізуді сұрайды. Алайда мас адам көлікті теуіп, ұрғылай бастайды. Бұдан кейін авто жүргізушісі баяу кетіп қалуға тырысады.

Мас күйдегі ер адамға көшедегі тұрғындардың назары ауса да, біршама уақыт бойы оны тоқтатуға батпайды. Оны тек видеоға түсіргендер табылды. Бірақ көше тәртібін сақтауға өз үлесін қосуға дайын адам табылды. Қария қолына ағаш алып, бірнеше рет соққы жасау арқылы бұзақыны жол жиегіне дейін қуып тастайды. 

Еске сала кетейік, осыған дейін Интернетте Ақтаудың орталығында жалаңаш жүрген ер адам туралы видео пайда болған еді. Әлеуметтік желілерде жалаңаш ер адамның арақ ұрлауға әрекеттенгені жазылған болатын. Кейін тәртіп сақшылары Ақтау көшелерінде жалаңаш жүрген ер адам жайлы түсінік берді. Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Әлия Шермағамбетова роликтің кейіпкері болған адамды ешкімнің ұрып-соқпағанын және зорлап шешіндірмегенін мәлімдеді. Полиция мәліметінше, 46 жастағы ер адам мас күйде дүкеннен арақ-шарап пен азық-түлік ұрлағысы келіп, оны күзет жасағы ұстап алған.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай