04 мамыр 2020 10:13

Сарапшы карантиннен кейін не істемеу керегін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: РИА Новости Фото: РИА Новости

Карантиннен кейін қозғалыссыз қалған адамға үйден жұмысқа барғанға дейінгі жолға үйрену керек болады. Спорт психологы, Дене тәрбиесі және спорт орталығының жетекші ғылыми қызметкері Ольға Тиунова карантиннен кейін дене формасын қалай қалпына келтіруді айтып берді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Біз физикалық қалыпты екі айдың ішінде реттейміз. Бұл - барлығы білетін ғылыми факт. Бірақ оны екі есе тез жоғалтамыз. Физикалық тұрғыдан айтсақ, барлығымыз отырып қалдық. Қазір күнделікті режимге қарапайым жаттығулар қосатын кезең. Бірақ мұны қағазға түсіріп отырған дұрыс. Себебі жаттығу жасағаннан кейін бақылау керек. Саналы түрде орындаған жөн", - деді Ольга Тиунова.

Бұл әдіс артық салмақпен күресте де жарайды екен. Кесте құрып, тастайтын салмақтың мөлшерін жазу керек. Сосын күнде салмақты өлшеп, жазып алу керек. Психологтың айтуынша, бұл мақсатыңызға жақындап келе жатқаныңызды түсінуге көмектеседі.

Сондай-ақ, Тиунова карантин режиміне дейін спорт залдарына барғандарға жаттығуларын бұрынғы режимінен екі есе төмен ырғақпен орындауға кеңес берді. 

Еске салайық, Қазақстанда төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзарды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети