Сауалнамадағы материалдық жағдай туралы сұрақ алматылық ата-аналардың наразылығын тудырды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© look.com © look.com

Алматылық гимназиялардың бірінде бірінші сынып оқушыларының ата-аналары сауалнамадағы кейбір сұрақтарға наразылық танытып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматылық гимназиялардың бірінде бірінші сынып оқушыларының ата-аналары сауалнамадағы кейбір сұрақтарға наразылық танытып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ата-аналарының бірінің айтуынша, 12 қыркүйекте оқушыларға сауалнама толтыру міндеттелген. Cауалнамадағы соңғы сұрақтардың бірінде отбасының материалдық жағдайы жайлы, сондай-ақ оқушылардың ата-аналары мектепке қандай көмек көрсете алатыны жайлы сұрақтар кездескен. Жауап ретіндегі нұсқалардың бірінде ата-ана түрлі-түсті принтер, компьютер құрылғыларын алып бере алады деген жауап болса, бірінде ата-ана мектептен тыс шараларды ұйымдастыруға көмектесіп, көлікпен қамтамасыз ете алады деген жауаптар болған.

"Әйелім осы сауалнаманы көрсетті. Мен ондағы сұрақтарды көріп, қатты таңғалдым. Мұны қалай түсінуге болады? Мектеп басшылығы мекемені компьютермен өздері қамтамасыз етуі керек деп ойлаймын. Мен мектеп директорының бұл жайында хабары бар ма, жоқ па ол жағын білмеймін. Бұл сауалнама тек бірінші сынып оқушыларына берілген. Бұл жеке меншік мектеп емес қой. Не дегенмен мемлекеттік мекеме. Бұл сұрақтарды жасағанда мектеп басшылығы Білім басқармасындағылармен немесе министрліктегілермен ақылдасты ма деген сұрақ туады. Олар бұл туралы біле ме?", - деді сұхбаттасушы.

Сондай-ақ, ата-аналардың айтуынша, мектепте ай сайын оқушылардан ақша жинайтын қор бар екен. "Оқушы ай сайын 4 мың теңге төлеуі керек. Олардың айтуынша, жиналған қаражат мектепті жетілдіруге, жөндеу жұмыстарына және күзеттегілерге беріледі", - деді ата-аналардың бірі.

Айта кетейік, осыған дейін ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мектептердегі ақша жинау мәселесімен күресетінін айтқан болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 533.33  course up  619.98  course up  6.8  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer