Семейде ерекше Құран көрмеге қойылды

23 Ақпан 2014, 15:34
0
Семейде ерекше Құран көрмеге қойылды - ХІХ ғасырдың сүйкімді қалта Құраны. Фото Tengrinews©
ХІХ ғасырдың сүйкімді қалта Құраны. Фото Tengrinews©
Семейде ерекше Құран көрмеге қойылды - 1974 жылы жасап шығарылған механикалық шайқағыш. Фото Tengrinews©
1974 жылы жасап шығарылған механикалық шайқағыш. Фото Tengrinews©
Семейде ерекше Құран көрмеге қойылды - "С қаласы және оны мекен етушілер..." көрмесінен.  Фото Tengrinews©
"С қаласы және оны мекен етушілер..." көрмесінен. Фото Tengrinews©
Семейде ерекше Құран көрмеге қойылды - Ғылыми-экспозициялық бөлімнің меңгерушісі  - Ирина Соловьева. Фото Tengrinews©
Ғылыми-экспозициялық бөлімнің меңгерушісі - Ирина Соловьева. Фото Tengrinews©
Семейде ерекше Құран көрмеге қойылды - "С қаласы және оны мекен етушілер..." көрмесінен.  Фото Tengrinews©
"С қаласы және оны мекен етушілер..." көрмесінен. Фото Tengrinews©
Семейде ерекше Құран көрмеге қойылды - "С қаласы және оны мекен етушілер..." көрмесінен.  Фото Tengrinews©
"С қаласы және оны мекен етушілер..." көрмесінен. Фото Tengrinews©
Семейде ерекше Құран көрмеге қойылды - "С қаласы және оны мекен етушілер..." көрмесінен.  Фото Tengrinews©
"С қаласы және оны мекен етушілер..." көрмесінен. Фото Tengrinews©
Семейде Федор Достоевский атындағы әдеби-мемориалдық мұражайында "С қаласы және оны мекен етушілер..." тақырыбында айырықша көрме ашылды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көрмеге 100-ден аса ескі тұрмыстық бұйымдар мен фотосуреттер, заттар қойылды. Мұнда ерекше көзге түсетін заттың бірі - сүйкімді де шағын Құран. Сіріңке қорабы көлеміндей ғана қалтаға салып жүруге арналған басылым жақсы сақталған.

"Біз экспонаттарды жинастыру барысында қала халқына да өздерінде қызықты әрі көне заттары бар болса, оны көрмеге қоюларына болатындығын айтып, хабарлама бердік. Міне, бір тұрғынымыз өзінің жеке коллекциясындағы ХІХ ғасырдың соңында жарық көрген Құранын бізге уақытша ұстауға әкеп берді. Ол кезде миниатюра, нәзіктік пен сүйкімділік қатты бағаланған. Жалпы, бұл Құранды сыйлыққа тарту үшін арнайы жасатқан секілді, өйткені ол - қолөнер туындысы" дейді ғылыми-экспозициялық бөлімнің меңгерушісі Ирина Соловьева.

Көрмеде осы секілді ерекше көз тартар тағы бір бұйым бар деп санайды мекеме қызметкерлері. Ол - 1874 жылы жасалып шыққан механикалық шайқағыш (миксер). Бұл зат бірінші рет көрмеге қойылып отыр, бұған дейін мұражай қорында көп уақыт сақталып, жатып қалған. "Бұл ерекше бұйым, ыдысқа салсаңыз, оның ішіндегі сұйықтық механикалық тұрғыда шайқалады, яғни қазіргі тұрмыстық қолданыстағы миксердің ең алғашқы нұсқасы" дейді Соловьева.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай