Шымкентте ұшқыштар 70 санын аспанда бейнеледі

10 Сәуір 2015, 19:26
0
@Facebook.com/Виктория Ульянова
@Facebook.com/Виктория Ульянова

Шымкентте ұшқыштар әскери ұшақтармен Жеңістің мерекелік күнінің символына сай авиациялық трюк арқылы 70 санын аспанда бейнеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде жарияланған видео авторы Виктория Ульянованың айтуынша, ұшқыштар бұл трюкке соңғы бірнеше күн бойы дайындық жасап жүр екен. Ол видеоны Шымкенттің әуежайында түсіріпті.

Айта кетейік, Қорғаныс министрлігі Жеңіс күніне орай 84 әскери ұшақ пен тікұшақ экипажының қатысуымен Астанада өтетін  үлкен әуе шоуына дайындалып жатыр. Көрсетілетін шоудың жалпы жоспары құпия сақталып отыр. Бірақ ұшқыштар мерейтойдың символы ретінде ұшақтардан аспанда 70 санын бейнелеу, кейін жеке және әртүрлі ұшқыштық құрамда үздік ұшқыштық бейнелер орындау идеяларын айтып қалған болатын.

Сонымен қатар, 9 сәуірдегі ОКҚ брифингінде ҚР Қарулы күштері Бас штабы басшысының орынбасары генерал-майор Мүслім Алтынбаев Қорғаныс министрлігі 70 саны авиациялық трюк демонстрациясынан бас тартуы мүмкін екенін айтқан.

"70 санына қатысты ауа парадын жасаймыз деген ой болған. Бірақ бұл мәселеге қатысты нақты шешім қабылдаған жоқпыз. Біздің ұшқыштар мұндай трюктарды еркін орындай алады. Бірақ қауіпсіздік жағы күмән тудырып тұр", - деді ол.

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай