14 шілде 2021 09:15

Шымкенттің 31 жастағы тұрғыны: "Жеті жыл тозақта өмір сүрдім"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Шымкентте көпбалалы ана күйеуінен көрген зорлықтың кесірінен өзіне қол жұмсамақ болды, - деп хабарлайды vera.kz.


Шымкентте көпбалалы ана күйеуінен көрген зорлықтың кесірінен өзіне қол жұмсамақ болды, - деп хабарлайды vera.kz.

Порталға берген сұхбатында 31 жастағы Гүлмира "жеті жыл бойы тозақта өмір сүргенін" айтты, Әйел адам күйеуінен көрген зәбірдің кесірінен өзіне қол жұмсамақ болды, алайда оны құтқарып қалған. Ауруханадан кейін Гүлмира дағдарыс орталығына түсіп, бесінші баласын туған. 

"Бұл менің екінші некем. Үлкен қызым бірінші некемнен. Жеті жылда екінші күйеуімнен төрт қыз тудым. Ол жұмыс істемейтін, ішімдікке салынып, марихуанамен әуестенетін. Ата-анасының зейнетақысына өмір сүретін. Үге мас болып келіп, үнемі мені ұрып, зорлайтын, бәрі балалардың да, ата-анасының да көзінше болатын. Мен жолын табуға тырыстым, алайда ішімдік пен есірткі жеңіп кететін. Сау кезінде балаларды алып, қыдырып келетін, сол кезде балаларым бақытты екенін байқайтынмын. Оларға әкенің орнын баса алмайтынымды түсінетінмін. Балаларымның бақытты кезі мен оның "бәрі жақсы болатыны туралы" уәделері. Апта қол жұмсаумен басталып, ұрып-соғумен бітетін, мен солай өмір сүріп келдім", - дейді әйел адам. 

2019 жылы Гүлмира ажырасып, Сарыағаштағы әкесіне кеткен. Әкесі оған қолдау көрсететінін, қызы абьюзер-күйеуіне қайтып бармайтынын айтқан. Бірақ бұрынғы күйеуі кешірім сұрап келіп, ішімдік және есірткіге деген тәуелдігінен айырылғанын айтып сендірген. Алайда жарты жылдан кейін қайтадан қол көтере бастаған. Бірде әйел адам ешкім қажет емес екенін түсініп, өзіне қол жұмсамақ болған.  

"15 желтоқсанда отбасымызбен моншаға бардық, сол кезде мені елдің алдында кемсіте бастады. Оған балалар да, мен де ұнамайтынмын. Сол кезде ешкімге керек емес екенімізді түсінгендей болдым. Парацетамол алдым, сосын енемнің қысымға арналған дәрілері болатын. Бірнешеуін ішіп, есімнен танып қалдым. Қызым Нұрсезім 103-ке хабарласып, менің жағдайымды түсіндіріп, қайда тұратынымызды айтты. Мені аурухана алып келіп, асқазанымды тазалады", - дейді Гүлмира. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети