28 шілде 2021 08:25

Спортшылар Олимпиада ауылындағы антисекс-төсекті сындырып тынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

@bwangah / TikTok @bwangah / TikTok

Израиль құрамасының ерлері Олимпиада ауылындағы антисекс-төсекті сындыру үшін қандай күш жұмсау керегін тексеріп көрді. Эксперимент видеоға түсіріліп, TikTok-та жарияланған. Кейін тез арада танымал болып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі New York Post басылымына сілтеме жасап.

Сынақты бейсболшы Бен Вангер бастаған. Ол әуелі Токио Олимпиадасындағы төсекке қатысты сұрақ көп екенін айтады. Кейін ол кереует үстінде секіріп көреді, сынбаған соң командаластары қосыла бастайды.

"Олимпиада ауылындағы төсектерге қатысты сұрақ көп, сондықтан бүгін бұл картоннан жасалған кереуетті сындыру үшін қанша изральдік керек болатынын анықтаймыз", - дейді спортшы ролик басында.

Сөйтсек, картоннан жасалған кереуетті сындыруға тоғыз адам қажет болады екен. Кейінірек бұл ролик TikTok-тан өшірілді.

Бұған дейін Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) "физикалық байланыстың қажетсіз формаларының алдын алу үшін" Токиода олимпиадашыларға арналған антисекс-төсектердің дизайнын бекіткен. Олар төсек 200 келіден асатын салмақ түссе сынатынын ескерткен. Кереуеттер картон қағазынан және матрасы қайта өңделген пластиктен жасалған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети