1. Басты
  2. Біл
  3. Өмір
  4. Бір үзік

"Суперменнің" ер адамды соққыға жыққаны түсірілген видео пайда болды

Видеодан алынған кадр. © Facebook.com Видеодан алынған кадр. © Facebook.com

Суперменнің ер адамды соққыға жыққаны түсірілген видео пайда болды. Оқиғаның видеосы MyMMANews.com басылымының Facebook желісіндегі парақшасында жарияланды.

"Бұл бір қайғылы жағдай. Супермен ер адамды соққыға жығып, үсті-басын қан-жоса қылып тастады. Ал қасында тұрғандар мұның барлығын ұялы телефонға түсіріп жатыр. Әрине, біз оқиғаның мән-жайын білмейміз. Бірақ бұл төбелес неден басталды екен және неге ешкім мұны тоқтатпаған?", - делінген видеоның сипаттамасында.

Видеодағы кадрлардан суперменнің ер адамды аяусыз соққыға жығып жатқаны көрінеді. Содан үсті-басы қан болған ер адам орнынан тұрып, суперменге жақындай берген сәтте ол оны қайтадан ұра бастайды. Куәгерлер болса, суперменді тоқтатудың орнына мұны видеоға түсіріп тұра береді.


 "Абайға бет бұру..."