Сүйісуді әйелдердің үнін бір сәтке болса да өшіру үшін ойлап тапқан - Назарбаев

04 Наурыз 2016, 20:33
1
Сүйісуді әйелдердің үнін бір сәтке болса да өшіру үшін ойлап тапқан - Назарбаев - © Akorda.kz
© Akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 8 наурыз қарсаңында әйелдермен "Көктем шуағы" атты дәстүрлі кездесу өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Назарбаев әйелдерді келе жатқан мерекемен құттықтады. Мемлекет басшысы еліміздің қалыптасуы мен дамуындағы әйелдердің баға жетпес роліне тоқтала келіп, оларға денсаулық, сүйіспеншілік, бақ-береке және табыс тіледі.

Қазақстан Президенті кездесуде әдеттегідей әзілдеп, тәмсіл мен өнегелі әңгіме айтты. "(...) Құрметті қонақтарым, мен көп сөйлеп кеттім. Сіздер сөз сөйлейтін уақыттарыңызды күтіп отырсыздар. Әйелдер тәулігіне 20 мың сөз айтады дейді. Ер адамдар әйелдің аузын жабу үшін сүйісуді ойлап тапқан деседі", - деп аяқтады өз сөзін Назарбаев әзілмен. Жиналған нәзік жандылар қол шапалақтап, күлкілерін тия алмады. 

Кездесуге Мемлекеттік хатшы, Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Г.Әбдіқалықова, Парламент Сенатының депутаты Б.Әйтімова, Экономикалық интеграция министрі Ж.Айтжанова, "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарушы директоры М.Егімбаева, шаруа қожалығының басшысы Т.Құшманова, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының директоры Р.Боранбаева, "Қазақ оюлары" ЖШС директоры Т.Елекбаева, жиһаз фабрикасының басшысы Е.Левина, Қарағанды облысындағы "Мұрагер" мамандандырылған мектеп-интернатының директоры М.Нұрмағанбетова, "Қазақ қызы" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Қ.Әбден, әнші Т.Жанқұл, "Деловой мир Астана" ЖШС директоры, бас редакторы Ш.Сыздықова, ақын А.Дәулетбаева, көпбалалы ана Ж.Байжолдинова, "Астана Опера" театрының солисі Ж.Ғабдуллина, "Астана Балет" театрының бас режиссері М.Абубахриева, биолог ғалым Д.Қанаева, ауылдық округ әкімі П.Оралбаева, "Отырар сазы" Мемлекеттік академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрінің бас дирижері, актриса Д.Тілендиева, зымыранды артиллериялық кеме әскери бөлімінің радио байланысшысы Ж.Ыбыраева, Ақтөбе ферроқорытпа зауытының жөндеу-механика цехының темір кесушісі А.Кенесарина, Қостанай облысы, Сарыкөл ауданындағы "Жастар бастамасы орталығының" басшысы Е.Данилова, ауыр атлетикадан ҚР еңбек сіңірген шебері Ж.Жаппарқұл, актриса Д.Бақтыбаева, студент Л.Митрохина қатысты.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай