1. Басты
  2. Біл
  3. Өмір
  4. Бір үзік

Сығандардың еуро мен алтын жауған тойы Интернетте хит болды

Видео кадры Видео кадры

Словакиядағы сығандардың той бейнебаяны Интернетте хит бодлы, - деп хабарлайды Lenta.ru. Романтикалық тойдың осындай танымал болуына жастар мен олардың туыстарының байлығы себеп болған көрінеді. 

Ролик 19 жастағы қалыңдықтың YouTube-арнасында пайда болып, бір аптаның ішінде 300 мыңнан аса көрілім жанапты. 

Жеті минутқа созылатын Love story кадрларында 19 жастағы Евка мен 20 жастағы Лукас тойын дүркіретіп өткізеді. Көрермендерге алтын әшекей-бұйымдар, ақша және сыған ұлтының дәстүрі көрсетіледі. Жас жұбайлардың киімдері де алтынмен апталған, ал қонақтар жомарттығымен таңғалдырады.  

Видеоның ең қызық сәтінде қалыңдықтың би билеуі сәтінде туыстары ақша шаша бастайды.