05 шілде 2020 11:57

Танымал қазақстандық каскадер, актер пневмониядан қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұрат Мұқашев. Фото: DOS MEDIA PRODUCT Мұрат Мұқашев. Фото: DOS MEDIA PRODUCT

Алматыда пневмониядан Nomad Stunts командасының танымал актеры және каскадеры Мұрат Мұқашев қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда пневмониядан Nomad Stunts командасының танымал актеры және каскадеры Мұрат Мұқашев қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қайғылы оқиға туралы ақпаратты марқұмның досы әрі әріптесі Ерден Телемісов Facebook-те хабарлады. Оның айтуынша, Мұрат Мұқашев бір аптадай ауырған. Ол 5 шілдеде таңертең қайтыс болды.

"Сене алар емеспін. Бүгін түнде бауырымыз қайтыс болды. Соңғы үш күнде оның қызуы көтеріліп, тыныс алуы қиындаған. Пневмония. Кеше таңертең оны ауруханаға алып кетті. Бүгін таңертең сағат 07.10-да көз жұмды. Өтініп сұраймын, үйіне бармаңыздар", - деп жазды Телемісов Facebook-те.

Ерден Телемісов (ортадағы) және Мұрат Мұқашев (оң жақта)

Мұрат Мұқашев 1968 жылы Алматыда дүниеге келген. Индустриялық техникумды (1983-1987 жылдары) тәмамдаған. Қиыр Шығыста әскерде болған (1987-1989 жылдар). Кино индустриясына бала кезінде келген. Үш жасында ол "Ақ автомобиль" ("Алпамыс мектепке барады" фильмінің тарихы) кинофильмінде эпизодқа түскен.

Сондай-ақ, актер "Мой дом на зеленых холмах" (ҚСРО, 1985), "Омпа" (1998), "Обратная сторона" (2009), "Сіз кімсіз, Ка мырза?" (2010), "Айша" (2011), "Марко Поло" (АҚШ, 2014), "Весь мир у наших ног" (2015) және "McMafia" (США, 2017) фильмдеріне түскен.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети