01 қазан 2014 10:06

Тараз тұрғыны иесіз жануарлар үшін екі гектар жер сатып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таразда жануарларға арналған тұңғыш пана пайда болды. ©ktk.kz Таразда жануарларға арналған тұңғыш пана пайда болды. ©ktk.kz

Тараз тұрғыны Ирина Келлер иесіз жануарларға арналған тұңғыш пана ашты. Мұнда қожайыны жоқ 500 ит-мысық көшіп келді, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. Жануарлар вольерлерде тұрып жатыр, оларға үш мезгіл ас беріледі.

Бірнеше жыл бұрын Ирина өз қаражатына Байзақ ауданынан екі гектар жер алған. Осы жерден жануарларға арналған пана ашты. Иесіз хайуандарды волонтерлер күтіп-баптайды. Жергілікті билік жануарларға екпе жасауға және дәрілеуге қаржы бөлген. 

"Былтыр бір меценат осындай пана ашты, бірақ меңгере алмады-ау деймін. Бір жылдан кейін ол іс аяқсыз қалған кезде мен жануарларды бағатын ешкім жоқ екенін түсініп, бүкіл жауапкершілікті өз мойныма алдым", - дейді Ирина Келлер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети