12 наурыз 2021 09:25

Тележүргізуші тікелей эфирде мерт бола жаздады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры

Колумбиядағы ESPN спорт телеарнасының жүргізушісі Карлос Ордус тікелей эфирде мерт бола жаздады. Оның үстіне аяқ астынан экран құлап түскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Колумбиядағы ESPN спорт телеарнасының жүргізушісі Карлос Ордус тікелей эфирде мерт бола жаздады. Оның үстіне аяқ астынан экран құлап түскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде оқиға видеосы тарады. Видеода үлкен экран ер адамның үстіне құлап түскені көрсетілген. Бұл оқиғадан кейін телеарна жарнама жібере салмақ болған. 

Алайда Карлос Ордус жағдайы жақсы екенін хабарлаған. Артынша ол Twitter желісіндегі парақшасында жағдайы туралы айтып берді. 

"Мына оқиғадан кейін маған жазып, жағдайымды сұраған адамдарға айтарым - менде бәрі жақсы. Құдайға шүкір, медициналық тексерістен кейін дәрігерлер бәрі дұрыс екенін айтты. Тек денем көгеріп, мұрныма зақым келген, бірақ еш жерім сынбады. Уайымдаған адамдарға рақмет", - деп жазды тележүргізуші. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети