29 шілде 2021 09:18

Троллейбус жүргізетін 55 жастағы алматылық Қазнетті таңғалдырды

Алматылық троллейбус жүргізушісі жолаушыларды өнерімен таңғалдырды. Жүргізушінің троллейбус тұтқасына асылып тұрған суреті Желіде тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматылық троллейбус жүргізушісі жолаушыларды өнерімен таңғалдырды. Жүргізушінің троллейбус тұтқасына асылып тұрған суреті Желіде тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Индира (@bazarzhoqq) есімді Instagram қолданушысы троллейбус жүргізушісінің тұтқаға асылып тұрған суретін салған. Көптеген адам мұндай адамдар спортпен айналысуға шабыт беретінін жазған. Кейбірі жүргізуші көлік тұтқасының сапасына сенім артқанын жазған. 

"Алматыэлектротранс" компаниясы өкілдері қызметкерінің мұндай қабілеті барын білмегенін айтады. Техника қауіпсіздігі бойынша тұтқада жаттығу жасауға тыйым салынған. Алайда жүргізуші бұл ісі үшін жазаланбайды, керісінше, компания қызметкерлері спортты насихаттағаны үшін сый жасайтынын жеткізді. 

Жүргізушінің есімі - Асхат Ибраев. Жасы 55-те. Спортпен жас кезінен бастап күнде айналысып келе жатыр. 

"Жас кезімде күреспен айналысқанмын, сол кезде жаттықтырушымыз турникке тартылып, қолмен жүруімізді талап ететін. Жасым 55-ке келді, бірақ спортпен күнде айналысу әдет болып қалған. Формамды сақтап қалуға тырысамын. Күні бойы көлік жүргізгенде арқам, белім ауырады, кішкене қозғалу керек. Тұрақта тұтқаға асылып, жаттығу жасап, тартыламын. Үйде де спортпен айналысамын", - деді Асхат Ибраев.  

Асхат 2021 наурызынан бері троллейбус жүргізеді екен. Бұған дейін ол құрылыс нысандарында ағаш ұстасы болған. Оның айтуынша, троллейбустың тұтқасы берік. Әдетте ол соңғы аялдамада, ешкім жоқ жерде жаттығу жасайтын, ал бұл жолы оны жолаушылар байқап, суретке түсіріп алған екен.   

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети