01 сәуір 2015 18:36

Ұлыбританиялық жұп EuroMillions лотереясын екінші рет ұтып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

"Жолы болғыш" ұлыбританиялық жұп EuroMillions лотереясын екінші рет ұтып алды, - деп жазады The Daily Express. EuroMillions лотереясы - 2004 жылы 7 ақпанда Франция, Испания мен Англияда шыққан ұлтаралық лотерея.


"Жолы болғыш" ұлыбританиялық жұп EuroMillions лотереясын екінші рет ұтып алды, - деп жазады The Daily Express. EuroMillions лотереясы - 2004 жылы 7 ақпанда Франция, Испания мен Англияда шыққан ұлтаралық лотерея.

EuroMillions лотереясының жаңа жеңімпаздарының аты-жөні әзірше жарияланған жоқ, тек олардың Сканторп қаласынан екені белгілі. Басылымның мәліметінше, бұл жұп миллион фунт ұтып алған. Сонымен қатар, оларға Jaguar түріндегі бонустық жүлде беріледі. Ұлыбританиялықтардың EuroMillions лотереясын екінші рет ұтып алуы 253 миллиардан біреу деп бағаланды. Дегенмен сәттіліктің таңы жұма күнгі ойында тағы бір мәрте атты. 

Бұған дейін EuroMillions лотереясынан Швейцария тұрғынының 93,6 миллион еуро ұтып алғаны хабарланған болатын. Ал 2011 жылы тағы бір швейцариялық атақты лотереядан 58 миллион еуродан артық ақша ұтып алды. Айта кетейік, EuroMillions лотереясының бірінші тиражы 2004 жылы 13 ақпанда Франция, Испания және Ұлыбритания елдерінде өтті. 2004 жылы қазанда лотереяға тағы алты ел қосылды - Люксембург, Бельгия, Швейцария, Португалия, Ирландия мен Австрия. Апта сайынғы ұтыс ойындары Парижде сейсенбі және жұма күндері өтеді. Лотерея билеті 2 еуро тұрады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети